'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №2 (23) том 3
  4. Научная статья № 3

Просмотры  122 просмотров

Жұмабаев М.Н., Қайырбек М.С.

  


РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРДІ «МӘҢГІЛІКЕЛ» ИДЕЯСЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕҚАЛЫПТАСТЫРУ *

  


Аннотация:
в статье рассматривается рухани адамгершілік қасиеттерді «мәңгілік ел» идеясының негізінде қалыптастыру   

Ключевые слова:
қасиеттерді, мәңгілік ел, идеясының, негізінде қалыптастыру   


Еліміздің болашағы-ұрпақ тәрбиесінде, еліміз егемендік алып,өз алдына отау тігіп өзінің ішкі-сыртқы саясатын өзі шешетін болды. Бүгінде баршаның міндеті-әдетғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру. Тарих – халықтың зердесі, ол содан қуат алып, болашаққа бағыт алады. Сондықтан да халық даналығы: «Өткенге көз жібермей, болашақты болжай алмайсың», – дейді. Біздің Отанымыздың, тәуелсіз Қазақстанның тарихында болашақ ұрпағы үшін «ақ найзаның ұшы мен ақ білектің күшін» аямай, туған елі, жері үшін жанын шүберекке түйген ерлер аз болмаған. Адамзат тарихы әр дәуірде, әр кезеңде өздерінің ойпарасатымен, білік-білімімен, кемеңгерлік болмысымен, берісі ұлт дамуына, әрісі әлемдік құндылықтарымыздың молаюына орасан үлес қосқан тұғыры биік тұлғаларға бай. Мәңгілік ел,Ұлы Қазақ даласы, Тәуелсіз мемлекет осы секілді сөздер адамдарды толғандырмай қоймайды. Бұл сөздердің терең мағынасын түсініп, әр қайсысына тоқталар болсақ,сонау ата-бабаларымыз өмір сүрген жылдарға барамыз. Ежелден қазақ еш елге тәуелді болмауды, қыздары абыройлы, ұлдары намысты болғанын қалады. Оған осы уақытқа дейінгі болып келген көтерілістер,соғыстар дәлел бола алады. «Мәңгілік ел» - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман-әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман-тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр», - деген еді. Енді міне «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз - түркілердің Мәңгілік ел идеясын Қазақ елінің ұлттық идеясы ретінде жариялап отыр. Біз бүгін ХХІ ғасырдың есігін айқара ашып, төріне еніп отырмыз. Бұл ғасыр Қазақстан үшін жасампаз ғасыр, жаңару ғасыры, дәуірлеу ғасыры. Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Бір болашақ - бұл Мәңгілік елдің, біздің ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасының өркендеуі. Қазақстан халқы Ассамблеясы және біртұтас елдің азаматтары «Мәңгілік ел» патриоттық актісін әзірлеу туралы тапсырманы ерекше шабытпен қабылдады. «Мәңгілік елдің» жеті қағидасы біздің дамуымыздың арқаулық құндылықтарын, Қазақстан халқының ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтайды. Қазақстан мен астананың тәуелсіздігі Ұлттық бірлік, біздің қоғамымыздағы бітім мен келісім Зайырлы қоғам және жоғарғы руханилық Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсім Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық ат салысуы. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді  еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпы ұлттық құндылықтарда жатыр. Бүгінгі жаһандану дәуірінде «Мәңгілік ел» идеясы бағзы түркілік тектікболмысымыздың, асыл тұрпатымыздың заманауи қайта жаңғыруының, озық, қуатты ел болып гүлденуінің кепілі. Тәуелсіз ел атанғаннан кейін бұл идеяны іске асырудың тарихи мүмкіндігі туып отыр. Ежелгі түркілердің «Мәңгілік ел» идеясы үш тұғырдан тұрды, яғни үш негізден тұрады: оның біріншісі-көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік ел» манифесі, екіншісі - Әл-Фарабидің философиялық шығармаларында, әсіресе, «Қайырымды қалада» бұл идеяның теориялық-методологиялық тұрғыдан тиянақталуы және үшіншісі - Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген «Құтты Білік» дастаны. Бұлардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты, бір заманның жемісі және өзіне дейінгі бабалар мұратымен жалғаса отырып, кейінгі ұрпақтарының құрған мемлекетшілдік, яғни "Мәңгілік ел" идеясымен сабақтасады. "Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол", - деген ұлттық идеясының тамыры өте тереңде, өзегі сонау түркілердің дәуірінен бастау алатыны айтылды. «Мәңгілік ел» идеясын алғаш рет манифест ретінде жарияланған Тоныкөк абыз бүкіл түркі жұртын бір шаңырақтың астына біріктіруді көздеген болатын. Өзара қырқыстан әбден шаршап, тоз-тоз болып кеткен түркі тайпаларының арасында бұл үндеу кеңінен қолдау тауып, жүзеге асады да, қазақ даласында Түрік, Түргеш, Қарахан сияқты күшті қағанаттар құрыла бастайды. Кейін түркі халқының бірлігі тағы да ыдырап, жан-жаққа шашырап кеткен кезде де ұлтымыздың біртуар көсемдері халқын осы идеяның аясына қайтадан жинап, әлемге әйгілі, тарихта өз орнын қалдырып кеткен Алтын Орда, Ақ Орда, Ноғай, Моғолстан, Қазақ хандығы сияқты алып та, қуатты мемлекеттердің негізін қалап кетеді. «Мәңгілік елдің» өміршеңдігі соншалықты қазіргі кезде өз жалғасын тауып, Мөде, Бумын, Қапаған, Білге, Күлтегін сияқты қағандарымыздың ісін мұра ретінде қабылдаған Елбасымыз осы идеяны өз отандастарына жария етіп, қазақстандықтарға үлкен сенім артып отыр.

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №2 (23) том 3

  


Ссылка для цитирования:

Жұмабаев М.Н., Қайырбек М.С. РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРДІ «МӘҢГІЛІКЕЛ» ИДЕЯСЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕҚАЛЫПТАСТЫРУ // Вестник науки №2 (23) том 3. С. 16 - 20. 2020 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/2799 (дата обращения: 20.04.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/2799



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2020.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.